Новости

«ҚЫСТЫРҒЫШ» КҮНІ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ

«ҚЫСТЫРҒЫШ» КҮНІ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ

Алматыдағы «ALEM kence» компаниясына қарасты «Asem» кеңсе тауарлары дүкенінде «Қыстырғыш» (скрепка) күні аталып өтті. Достық пен бірлікті басты ұранға айналдырған бұл мереке осымен екінші мәрте тойланып отыр.

Бүгінгі күні «Asem» дүкенінің 250-ден астам қызметкері 5 мыңның үстіндегі өз тұтынушыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.Мұндағы басты мақсатдағдарыс кезінде тұтынушыларды жоғалтпау.

Кеңсе тауарлары жөнінде арнайы мамандар дүкенге келушілерге ақыл-кеңес беріп отырады. Сонымен қатар, Германия, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастамыз. Кеңсе тауарларының сапалы, өнімді болуын үнемі қадағалап, ең тиімді деген тауарларды халыққа ұсынамыз, – дейді сату бөлімінің директоры Зайтуна Сәрсенбеава. Мереке үстінде мекеме қызметкерлері әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Бірнеше түрлі-түсті қыстырғыштардан құралған «кемпірқосақ» ойыны компания мен тұтынушылар арасындағы достық дәнекерлікті бейнеледі. Ойын жеңімпаздарына кеңсе тауарларын сыйлап, қызықты түс жору парақтарын таратты. Қағазда «Егер де түсіңізде қыстырғыш көрсеңіз, онда сіз міндетті түрде табысқа кенелесіз; ал дәптер көрсеңіз, көптен күткен мақсатыңызға қол жеткізесіз», – деп жазылған. Мереке соңында келген қонақтар «Әрқашан елімізде қыстырғыш (скрепка) сияқты бірлігі мықты, достығы мығым жандар көбейе берсін», – деп тілек білдірді.


Бүгінде «ALEM kence» компаниясының тұтынушыларға ұсынып отырған тауарлары халықаралық жүйеге сай сапалы заттарға айналуда. Компания басшысының айтуынша, қаржы дағдарысына қарамастан дүкендегі кеңсе заттарының бағасы қымбаттамаған. Осы жылдың жазғы маусымында компания жетім балаларға арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, қалалық әкімшіліктің қолдауымен бүлдіршіндер мен ата-аналар арасында «Біз — Қазақстандағы бақытты отбасымыз» атты фестиваль өткізген. «Қыстырғыш» күнінің тойлануының арқасында кеңсе тауарларының сапасы тұтынушылар үшін айқындала түскендей.

Құралай Құлманова.

«Дала мен қала» газеті

№ 42, 26 қазан 2009ж,